30.11.2021, 15:30
Оқылды: 35

Сот саласы ардагерлерімен кездесті

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және ҚР Судьялар Одағының 25 жылдығы қарсаңында қызметке жаңа тағайындалған судьялардың сот жүйесі ардагерлерімен кездесуі өтті.

WhatsApp Image 2021-11-30 at 15.11.12

Кездесуге ҚР Судьялар Одағының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының төрағасы Руслан Жұмағұлов, аудандық және оларға теңестірілген соттардың төрағалары, ардагерлер мен жас судьялар қатысты.

Іс-шараны Орал қаласының №2 соты, Орал қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты, сондай-ақ Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының ұжымдары ұйымдастырды.

Шараны ашқан Р.Жұмағұлов ардагерлердің өткен жолы жас ұрпақ үшін ерекше үлгі екенін атап өтті.

Әңгіме барысында ардагерлер өз тәжірибелерімен және пайдалы дағдыларымен бөлісіп, жас судьяларға тәуелсіздіктің басты кезеңдері туралы айтып берді.
"Сіздердің басты міндеттеріңіз – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау. Әр адам өз елінің Конституциясын білуі және оны әрдайым насихаттауы тиіс. Конституцияда барлығы егжей-тегжейлі жазылған, нормалар заңмен реттелген. Ұзақ жылдар бойы сот саласында қызмет еттім, судья болдым", – деп бөлісті облыстық соттың ардагер судьясы Қуаныш Әбуов.

Кездесу жиналғандар үшін әсерлі болды. Шара соңында ардагерлерге естелік сыйлықтар табысталып, үш сот ұжымы ұйымдастырған концерттік бағдарлама ұсынылды.

Орал қаласының №2 соты

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале