Жақында Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасының тапсырысы негізінде, «Аманат-Жайық» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен, БҚО ҚАЖ департаментіне қарасты РУ-170/2 мекемесінде төтенше жағдайға байланысты енгізілген шектеулерге орай «Терроризм және экстремизм» бабымен сотталғандар арасында онлайн-форматта «Skype» арқылы бейнебайланыспен «Білім – асыл қазына» атты интеллектуалды білім сайысы өтті.

Білім сайысының мақсаты - білім деңгейін сынау және діни сауаттылығын арттыру.
Аталмыш шараға БҚО ДІБ Дін мәселелерін зертеу орталығының басшысы Арман Нұрахметұлы, Орал облыстық орталық мешітінің наиб имамы Наурыз Убаев, «Аманат-Жайық» ҚҚ төрағасы Есімжан Доспаев төрелік жасады.

Аталмыш сайыста қатысушылардың жыл бойы оқыған Еркебұлан Қарақұловтың «Ислам ғылымхалы», Серік Тәжібаевтың «Пайғамбар ақидасы» атты кітаптардан және қазақтың мақал-мәтелдері мен салт-дәстүрлерінен келген сұрақтар бойынша қатысушылар өзара сынға түсті.

Жазасын өтеушілер арасында білімін жан-жақты дамытуға интеллектуалдық сайыстың әсері мол болды.
Нәтижесінде: І орынды Нұрсұлтан Шарипов, ІІ орынды Сайрақұман Назаров, Асхат Мырзакариев, ІІІ орынды Мейрамбек Рахматуллин, Руслан Темірболатов иеленді.

Жеңімпаздар бағалы сыйлықтар және дипломдармен марапатталды, сонымен қатар қатысушыларға алғысхат, сыйлық табыс етілді.
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі