26.01.2022, 10:20
Оқылды: 48

Сотталғандардың туыстары сәлемдемелерді онлайн режимінде жібере алады

Сотталғандардың туыстары сәлемдемелерді онлайн режимінде жібере алады, – деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

220126110833884e

Туыстар елдегі 46 пенитенциарлық мекемеге сәлемдеме жібере алады, олардың бесеуі сотталғандар мен тергеу-қамауына алынған адамдарға арналған электрондық терминалдармен жабдықталған. Бұл «Convex» ЖШС мен ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің бірлескен бағдарламасын іске асыру аясында 2019 жылы іске қосылды. Жобаны құру кезінде қолданыстағы заңнама, соның ішінде ҚАЖ мекемелерінде рұқсат етілген заттар мен азық-түлік тізбесі негізге алынды.

Осылайша, азаматтар өнімді оның жарамдылығынан қорықпай таңдай алады. Азық-түлік өнімдері мен бірінші кезектегі қажетті заттарды жинауға дүкен тікелей жауап береді, бұл тыйым салынған заттарды алып кіруге және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермейді. Жаңа технологияларды режимдік объектілерде ұсталатындар да игереді.

Бүгінгі таңда арнайы контингенттің ішінен 4 мыңнан астам сотталған және тергеу-қамауына алынғандар электрондық форматта сатып алуға көшті. Олар азық-түлік пен бірінші кезектегі қажетті заттарға пенитенциарлық мекемелердің аумағында орналасқан электрондық терминалдар арқылы тапсырыс береді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале