30.05.2025, 11:30
Оқылды: 156

Спорт саласында көрсетілген қызметтер көлемі 38,4% өсті

2025 жылдың қаңтар-наурыз айларында спорт, демалыс және ойын-сауық қызметтерінің көлемі 192,8 млрд теңгені немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 38,4% артты.

4a0e6558-43ef-48a6-b07c-8adfc8a1a862

Оның ішінде спорт саласындағы өзге де қызмет түрлері бойынша қызмет көрсету көлемі 32,5 млрд теңгені, фитнес-клубтар қызметі 16,9 млрд теңгені, спорт клубтары 11,9 млрд теңгені, спорт ғимараттарын пайдалану 9,9 млрд теңгені, ойын-сауық саябақтары 7,2 млрд теңгені құрады. Бірақ осы саладағы қызметтердің негізгі үлесі - 58,9% (113,1 млрд теңге) демалыс және ойын-сауық ұйымдастыру бойынша қызметтің басқа түрлеріне тиесілі.

Өңірлер бөлінісінде қызметтердің ең көп көлемі Алматы қаласына тиесілі - 83,3 млрд теңге. Үздік үштікке Астана (26,2 млрд теңге) және Алматы облысы (10,9 млрд теңге) кірді.

Дереккөз: Qazstat

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале