26.02.2026, 19:00
Оқылды: 169

Спортшыға пәтер кілті табысталды

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Токио қаласында өткен XXV жазғы Сурдлимпиада ойындарының күміс жүлдегері, жерлесіміз Анастасия Тимошенкованы қабылдады.

0296f0bf-3c1f-4e5b-87e3-bc7076d96641

Әлемнің үздіктері бақ сынаған дүбірлі додада бұрымды командалық дзюдо бәсекесінде жоғары шеберлік пен қайсарлық танытты.

67e23d91-9b85-4cde-a634-285f50037133

Аймақ басшысы спортшыны құттықтап, екі бөлмелі пәтердің кілтін табыс етті.

- Сіздің жетістігіңіз өңір тұрғындары үшін үлкен мақтаныш. Бұл – тек спорттағы табыс емес, бұл – жігер мен табандылықтың, отансүйгіштіктің жарқын үлгісі. Алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра беруіңізге тілекшімін, – деді Нариман Төреғалиев.

c0bbaf67-a43f-497a-9812-fcb4c3800ce1

Кездесу барысында ел мерейін өсірген спортшының бапкері Теміржан Хасанғалиевке де құрмет көрсетілді.

БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале