Еліміз үшін айтулы мереке қарсаңында жетістікке жеткен жастар арасында «Тәуелсіздік құрдастары» атты 30 бейнероликті жариялау жобасы бастау, облыс кітапханаларында «Ата Заң – Тәуелсіздік кепілі» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастыру, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Моя Родина – Независимый Казахстан» және «Тәуелсіздік - тұғырым» тақырыбындағы телебағдарламасын көрермен назарына ұсыну, жергілікті мекеме қызметкерлері арасында «Жақсы сөз – жанның тынысы» байқауын өткізу де тамыз айының жоспарына енген.
Брифингке қатысқан облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Дархан Қадралиев ел Тәуелсіздігі мерекесіне орайластырылған шараларға жеке-жеке тоқталып өтті. Спикердің мәлімдеуінше, тамыз айында жасөспірімдер мен жастар арасындағы жағажай волейболынан Орал қаласының кубогі, мәдениет қызметкерлері арасында «Өнер барысы» турнирі, Абай күніне арналған «Ұлтының ұлы Абайы» атты шетел компаниялары қызметкерлерінің арасында өлең оқудан әдеби шара өткізілмек.
zhaikpress.kz