18.06.2024, 12:33
Оқылды: 183

Стандартқа сай емес рәміздер ауыстырылып жатыр – БҚО

Ту,  Елтаңба, Әнұран – мемлекетіміздің біртұтастығы мен тәуелсіздігінің белгісі. Олардың стандартқа сәйкестігін қамтамасыз ету, тиісті орындарға орналастырған кезде барлық талапты сақтау маңызды. Облыс әкімдігінде өткен мемлекеттік рәміздер жөніндегі облыстық комиссияның отырысында осы мәселелер қаралды. Атап айтсақ, мемлекеттік құрылымдарға жүргізілген мониторинг қорытындысы жарияланды.

E07A4578-3E04-4ED1-A236-F5D27A3AC508

Жиында қоғамдық даму басқармасының басшысы Гүлжанар Шөкеева мемлекеттік рәміздер жөніндегі облыстық комиссияның жұмысы төңірегінде сөз қозғады. Ол мамырдың 24-25-і күндері Қаратөбе және Сырым аудандарында рәміздердің ұлттық стандарттарына сәйкестігін тексеру бойынша 40 мекемеге мониторинг жүргізілгенін айтты. Сондай-ақ былтыр желтоқсан мен биылғы қаңтар айларында Орал қаласындағы 40 мекемеге, 2024 жылдың ақпан айында Жаңақала ауданында 32 мемлекеттік мекеме және ұйымдардағы қолданыстағы мемлекеттік рәміздердің ұлттық стандарттарына сәйкестігі тексерілгенін де атап өтті.

Одан бөлек Гүлжанар Болатқызы өткен жылы облысымызда мемлекеттік рәміздерді тексеру бойынша республикалық инспекциялық топ мониторинг жүргізгенін және осы мониторинг барысында облыс орталығындағы мемлекеттік және құқық қорғау құрылымдары мен Ақжайық, Бәйтерек, Тасқала аудандарында 93 мекеме қамтылған.

– Білім беру мекемелерінде мемлекеттік рәміздер насихатталуда. Мемрәміздер жөніндегі комиссия отырыстары тұрақты өтеді. Жергілікті және аумақтық мемлекеттік құрылымдар есеп береді. Десе де, рәміздерді қолдануда кемшіліктер бар. Батыс Қазақстан облыстық сотының залында орналасқан Мемлекеттік Елтаңба жазуы кириллицамен тұр. Облыстық әділет департаментінің ғимаратында орналасқан Мемлекеттік Елтаңбаның түсі қарайған, стандартқа сәйкес келмейтіндігі анықталған. Ол кемшіліктер дер кезінде жойылды. Ақжайық ауданы әкімі аппаратының ғимараты сыртында орналасқан ҚР Мемлекеттік Елтаңбасы қарпі кириллицамен берілген. Ақжайық ауданы Чапаев ауылдық округі әкімі аппараты әкімінің кабинетінде орналасқан Мемлекеттік Туда дақ бар екені анықталды. Ақжайық аудандық прокуратурасының ғимаратында орналасқан ҚР Мемлекеттік Тудың түсі стандартқа сәйкес келмейді. Бәйтерек аудандық сотының сот залында айтты.

33D2F0A3-AE32-4185-A817-EC4C6B5C843D

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің ұлттық сараптама орталығында орналасқан Елтаңба жазуы кириллицамен  жазылған. Мониторинг қорытындысы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, рәміздерді пайдаланудың ұлттық стандарттарына сәйкес ауыстыру, жұмыс тәсілдерін одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар берілді. Кемшіліктер ескеріліп, жойылды, - деді Гүлжанар Шөкеева.

Жиында Тасқала, Бөкей ордасы, Жәнібек аудандарының әкімдері мен облыстық білім басқармасы басшысының есебі тыңдалды. Комиссия төрағасы Бақытжан Нарымбетов мемлекеттік рәміздерді орналастыру кезінде жіберілген өрескел кемшіліктерді қатаң сынға алды.

– Жылына екі рет қоғам белсенділерімен бірге арнайы тексеру шараларын өткіземіз. Байқағанымыз, барлық жерде ту тұғыры орнатылған. Тек  Сырым ауданында жоқ. Алдағы уақытта аудан әкімдігі бұл олқылықты  жою жөніндегі жұмысты қолға алады деген ойдамын. Тасқалада ту тұғыры болғанымен, айналасы абаттандырылмаған. Оны да реттеу керек. Басқа аудандар да ту тұғыры тұрған орындардың тазалығына мән бергені абзал, - деді Бақытжан Хаберұлы.

Рәміздерге қатысты талаптарды сақтау басты назарда. Мемлекеттік нышандар – қоғамды ұйыстыратын, елді біріктіретін фактор. Сондықтан оған деген құрмет болғаны жөн.

Түгелбай Бисен

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале