4.06.2024, 9:30
Оқылды: 60

Статистикадағы жаңа талаптар қандай?

«Мемлекеттік статистика туралы» ҚР Заңына енгізілген өзгерістер негізінде осы жылдың 8 маусымынан бастап елімізде статистикалық есепті тапсыру қағидаттары жаңа талапқа сай жүргізілмек. Ендігі жерде анық емес немесе мерзімінде ұсынылмаған деректер үшін жауапты тұлғалардың жауапкершілігі күшеймек. Төменде ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы БҚО бойынша департаментінің жаңа басшысы Болат Мешелов пен газет тілшісінің осы бағыттағы әңгімесін оқырмандар назарына ұсынып отырмыз.

FEF6BDD4-EF37-43AB-9451-8329C6A988A2

Болат Тілеуқабылұлы, алдымен жаңа қызметіңіз құтты болсын! Сұрағымыз статистикалық есептілікті тапсыру кезіндегі негізгі өзгерістер қандай? Мұндай қадамға барудың жай-жапсарын тарқата кетсеңіз?

Рақмет! Енді заманға қарай заң да жаңарып отыратыны белгілі ғой. Сол соны өзгерістер 8 маусымда өз күшіне енеді. Бұл қадамғане түрткі болды десеңіз, респонденттердің есептілік тәртібі жыл санап нашарлауы, ұсынылатын бастапқы статистиканың сапасыздығы осыған итермелегені жасырын емес. Бір қарағанда, мемлекеттік статистика құрылымдарының қызметі көпке көрінбейді. Десек те, қоғамның негізгі салаларындағы жұмыстарды жоспарлау және оны қамтамасыз ету – біз жинайтын және өңдейтін мәліметтерге тікелей байланысты. Тұрғындар санынан бастап, АӨК субъектілері мен кәсіпорындар өндіретін өнім деңгейі, жалақы мен басқа да көптеген көрсеткіштер статистикалық мәліметтер негізінде түзіледі. Анық емес деректер болып жатқан оқиғаларды ақиқат ауылынан алыстатып, қоғамның дамуына кедергі келтіреді. Қысқасы, «Мемлекеттік статистика туралы» ҚР Заңының 17-бабына сәйкес, респонденттер статистикалық байқаулар жүргізу кезінде тек қана дәйекті һәм нақты деректерді ұсынуға міндетті.

Респонденттер статистикалық құрылымдарға қажетті ақпаратты қандай тәсілмен бере алады?

Жалпы бастапқы статистикалық деректер әртүрлі тәсілдермен ұсынылады. Ол электронды түрде, қағазбен не компьютерленген телефон жүйесі арқылы да жүзеге асырылуы мүмкін. Өзге жолдармен мұндай мәліметтерді һәм статистикалық деректерді беруге жол берілмейді.

Респондент анық емес деректерді тапсырды дейік...

Ойыңызды түсіндім, мұндай жағдайда кінәлі тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тарту шаралары ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 497-бабында нақты жазылған. Егер респонденттің анық емес  деректерді ұсынғаны дәлелденсе, оған статистикалық нысандарға түзетулер енгізу қажеттігі туралы хабарлама жіберіледі, бұған дейін тек «қорытынды» берілетін-ді. Әрі қателікке ұрынған жағдайда қосымша ақпарат беру арқылы түзетулер енгізуге болады. Ондай ағаттықтарға бұрын екі жұмыс күні берілсе, қазіргі мерзімбір тәулік. Сол кемшілік қайыра жолықса, онда айыппұл салынады.

Бұдан бөлек, жаңа талап бойынша респонденттер ұсыну кестесінде көрсетілген мерзімде бастапқы
статистикалық деректерді ұсынбаса, бірден әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Осыған
дейін күнілгері профилактикалық бақылау жасалып, түзетуге қорытындылар жіберіліп, бәрі айыппұлсыз атқарылды. Кемшілікке ондай кеңшілік «қысқартылды», жаза бассаң, айыппұл арқалайсың. Оның сомасы субъектілердің мөлшеріне байланысты болмақ.

Айыппұл мөлшерін нақты біле аламыз ба?  

Жасырын ештеңесі жоқ, статистикалық есепті белгіленген мерзімде ұсынбағаны үшін (ӘҚБТК 497-бабы 2-бөлігі) айыппұл сомасы шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін 51 688 теңгені (14 АЕК) құраса, орта кәсіпкерлікке – 73 840 теңге (20 АЕК), ірі кәсіпкерлік саласына 443 040 теңге мөлшерінде (120 АЕК). Жеке тұлғаларға келсек, бұл санаттағыларға белгіленген айыппұл көлемі10 АЕК,  яғни 36 920 теңге. Егер респондент айыбын жеті жұмыскүні ішінде өтесе, 50% жеңілдік қарастырылған. Жартысын ғана төлейді.

Ұлттық статистика бюросы респонденттердің сұрағына жауап бере ме? Сауалдар бойынша қалай байланысуға болады?

Бәрі мүмкін, оның да жолы айқын. Респонденттер ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросына жүгінуге құқылы. Мұнда өтініштерді қабылдау мақсатында «Бюроның Фронты» атты бірыңғай нүктесі қолданылады. Нақтырақ айтсақ, статистикалық есептерді тапсыру кезінде техникалық көмек алу үшін бірыңғай байланыс орталығына – 1446 нөміріне немесе Telegram-Bot @statgovkz_bot, stat.gov.kz сайтындағы «Онлайн-консультант» жүйесіне хабарласуға болады.

СұхбаттасқанБауыржан Бисенов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале