"Стенд атудан 12-22 қаңтар аралығында Париж Олимпиадасының 8 жолдамасы үлестірілетін лицензиялық Азия біріншілігі өтеді",- деп хабарлайды ҚР туризм және спорт министрлігі.
Фото: www.gov.kz
Аталмыш жарыста ел намысын 18 спортшы қорғайтын болады.
Сайыста 40 мемлекеттен 500-ге жуық сұрмерген өзара сынасады.
Олардың арасында жазғы Азия ойындары, әлем кубогында сәтті өнер көрсетіп жүрген Айжан Досмагамбетова, Асем Орынбай, Анастасия Прилепина, Мария Дмитриенко, Максим Бедарев, Алишер Айсалбаев, Виктор Хасянов, Богдан Конченко, Никита Моисеев, Никита Чикулаев, Эдуард Ещенк о,Александр Ещенко, Александр Мухамедиев, Илья Пеньков, Максим Почивалов, Ратмир Еникеев, Зоя Кравченко, Ольга Панарина сынды жерлестеріміз бар.
Бас жаттықтырушы – Сергей Колос.