"Алматыда стенд атудан Әлем Кубогының кезеңі жалғасуда. Қазақстан командасы бірінші медальмен марапатталды",- деп хабарлайды ҚР Ұлттық олимпиада комитеті.
Алтын жүлдені Әсем Орынбай жеңіп алды. Ол "скитте" бірінші болып аяқтады.
Күміс медальді Ганемат Сехон (Үндістан) жеңіп алды. Үздік үштікті Даршна Ратхор (Үндістан) қорытындылады.
Айта кетейік, ӘКК-де Қазақстаннан 20 спортшы өнер көрсетуде. Турнирге барлығы 42 ел қатысуда.