6.03.2024, 14:59
Оқылды: 67

Степлаг көтерілісі қалай болған?

Сталин өлген соң қуғын-сүргін кезінде Қарағандының Степлагінде қамауда отырған 20 698 тұтқын, лагердегі адам төзгісіз жағдайға бағынбаушылық танытып ереуілге шығады. Оларға лагер күзетінің оқ атуы жағдайды ушықтырып жібереді.

жп дала

Көрнекі фото

Көтерілістің күшті болғаны сонша 1954 жылдың 16 мамырынан 25 маусым аралығына дейін созылады. Бұл кезде лагерде 16 677 еркек пен 4 021 әйел қамауда отырады.

17 мамырда лагерде төтенше жағдай енгізіледі тұтқындар қоршауды бұзып өтіп тиым салынған зонаға енеді. Оларды кері қайтару үшін автоматшылар кіргізіліп қақтығыс салдарынан 13 тұтқын өліп, 43-і жарақаттанады.

Көтерілісті басуға жалпы саны 16 000 солдат, 98 қызметші-іздеуші иттер және бес Т-34 танкі мен үш өрт сөндіруші машинасы кіргізіледі.

Оқиғаны ушықтырмау үшін Қарағанды облысы бойынша ІІБД бастығы Коновалов қару қолданбауға жарлық шығарып ереуілшілермен келісімге келеді. Осылайша Степлактағы тұтқындар көтерілісі бейбіт жолға түсіп, оқиғаны таразылау үшін комиссия жұмыс жасап, нәтижесінде қамаудағылардың көпшілігі ақталады.

                                                Зұлқожа Шарафутдинов,

zhaikpress. kz

 («Қазақтар». Энциклопедиялық анықтамалық. А. 2003жыл)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале