21.02.2025, 12:40
Оқылды: 533

Стоматолог Серік Жардемов: «Алдағы мақсатымыз – цифрлық стоматологияға көшу»

«Мамандар галереясы» 

- Ауыз қуысының саулығы – әр адамның денсаулығының ажырамас бөлігі. Тістердің дұрыс күтімі мен сапалы ем алу әр емделуші үшін маңызды. Осы қажеттілікті ескеріп, 2022 жылы «JARDEM DENT» тіс емханасын ашып, халыққа жоғары сапалы қызмет көрсетуді бастадым.

жп мамандар галереясы стоматолог (2)

2016-2022 жылдары аудандық ауруханада тіс дәрігері болып қызмет атқардым. Осы жылдар ішінде мол тәжірибе жинақтап, тұрғындардың тіс емханасының қызметіне деген қажеттілігін терең түсіндім. 2021 жылы мемлекеттік қолдаудың арқасында 5 миллион теңге көлемінде қайтарымсыз грант ұтып алып, жеке ісімді бастауға мүмкіндік алдым, - дейді «Мамандар галереясының» тағы бір кейіпкері жаңақалалық Серік Жардемов.

жп мамандар галереясы стоматолог (1)

Ол 2022 жылы жеке тіс емханасын ашты.

- Емханамызда екі адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Біз заманауи құрал-жабдықтары бар емханада сапалы қызмет ұсынуға тырысамыз, - деді.

Оның айтуынша, пациенттердің жайлылығын басты орынға қойып, олардың талап-тілектеріне барынша жауап беріп отырады.

Емхана ұжымы тек сапалы қызмет көрсетумен шектелмей, ауданның қоғамдық өміріне де белсене араласады. Көпбалалы аналар мен мүгедектігі бар жандарға көмек көрсетіп, әлеуметтік жауапкершілікті басты қағида ретінде ұстанып отыр.

жп мамандар галереясы стоматолог (10)

- Алдағы мақсатымыз – цифрлық стоматологияға көшу. Бұл – тіс емдеу қызметінің жаңа деңгейге көтерілуіне мүмкіндік беретін, уақыт пен сапаны үнемдейтін технологиялық бағыт. Цифрлық жүйелердің көмегімен диагностика жүргізуді жақсартып, емдеу процесін одан әрі тиімді етуді көздейміз, - деп болашақ жоспарын да айтты Серік Берікұлы.

Фото авторы: Мейірбек Тажқұранов

жп мамандар галереясы стоматолог (3) жп мамандар галереясы стоматолог (4) жп мамандар галереясы стоматолог (5) жп мамандар галереясы стоматолог (6) жп мамандар галереясы стоматолог (7) жп мамандар галереясы стоматолог (8) жп мамандар галереясы стоматолог (9) жп мамандар галереясы стоматолог (11) жп мамандар галереясы стоматолог (12) жп мамандар галереясы стоматолог (13) жп мамандар галереясы стоматолог (14)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале