30.09.2020, 10:40
Оқылды: 56

Студент бюджет қаражатына оқыған кезеңін ғана еңбекпен өтейді

Студент бюджет қаражатынан қанша жыл оқыса, тек сол кезеңді еңбекпен өтейді. Бұл туралы тиісті заң жобасын талқылау кезінде Мәжіліс депутаты Әбдіманап Бектұрғанов мәлім етті.

Student

«Қолданыстағы заңға сәйкес, мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алған түлектер, яғни медициналық әрі педагогикалық мамандықтар аясында оқуды бітіргеннен кейін олар үш жыл жұмыспен өтеуі керек. Грантпен оқуға түсіп, осы грантпен оқуды аяқтаған түлектерге қатысты ешқандай сұрақтар жоқ. Ал егер алғашқы кезде грантпен оқуға түсіп, кейін ақылы негізге ауысатын болса немесе ақылы негізден грантқа ауысса, бұл тұрғыда тиісті сұрақтар бар», – деді депутат Мәжілістің жалпы отырысында.

Мысалы, студент алғашқыда грантқа оқу түсіп, соңғы курста ақылы негізге ауысады. Ол ақылы негізде оқуды тәмамдағаннан кейін, түлектер еңбекпен өтеумен қамтылмайды. «Сонымен қатар ақылы негізде оқып, оқу үлгерімі жақсы студенттер үшінші курста грантқа ауысып жатады. Олар оқуды грант есебінен бітіргеннен кейін, бұл студенттер үш жыл жұмыспен өтеуге тиісті болады. Осыған байланысты мемлекеттік тапсырыс кезінде бюджет қаражатынан қанша жыл оқыса, тек сол кезеңді еңбекпен өтейді», - деп түсіндірді Ә.Бектұрғанов. Бұдан бұрын хабарланғандай, Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Айта кетейік, жоғары оқу орнын бітірушінің мемлекеттік білім беру тапсырысында оқу ұзақтығына пропорционалды түрде еңбекпен өтеу мерзімін белгілеу арқылы шешу ұсынылады. Осылайша, мемлекеттік білім беру тапсырысында білім алған азаматтар бүкіл кезеңде – барлық үш жылды да жұмыспен өтейтін болады. Ал білім алушылар ішінара, яғни бір бөлігін ақылы негізде – мемлекеттік бюджет есебінен оқу кезеңіне мөлшерлес өтейтін болады.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале