
Оқуға құжатын тапсырып қойған соң студент атанбаса заңды түрде әскерге алып кете ме деп BAQ.KZ тілшісі сауал қойды.
- Егер шақыруда тұрса заңды түрде алып кетеміз. Тек қана оқумен ғана босатылмайды. Отбасылық, денсаулық жағдайына қарайды. Шектеулерге сәйкес келмесе әскерге шақырылады, - деді ол.
Шақырыла ма, әлде күштеп алып кете ме деген сауалымызға былай жауап берді.
- Біз 20 мыңын ғана шақырамыз. Тағы бір санда тұрған кісілер яғни іздеудегі егер де ол заңды бұзып жүрген болса , жергілікті органдардың ішкі істер қызметкерлерімен әскери комиссариатқа алып келінеді, - деді ол.