Бүгін Оралдағы Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі студенттері және қалалық сайлау комиссиялары мүшелерінің қатысуымен «Еліміздің болашағы жастарда» тақырыбында кездесу өтті.
Дүниежүзілік сайлау күніне орай ұйымдастырылған кездесудің мақсаты - жастарға сайлау жөнінде толыққанды ақпарат беру, олардың саяси, заңдық сауатын жетілдіру, жастардың елдегі маңызды қоғамдық-саяси процестерге – республикалық және жергілікті сайлауға қатысуын арттыру.
Студент жастармен өткен басқосуға Орал қаласының аумақтық сайлау комиссия төрағасының орынбасары Бисенғали комиссия хатшысы - Әсия Жумина қатысты.
Басқосуға қатысқан комиссия мүшелері студент жастарға ел басқарудағы Президенттің, Үкімет пен Парламенттің, түрлі деңгейдегі мәслихаттың рөлі туралы айтылып, азаматтардың сайлау құқығын қамтамасыз ету, оның процестерін жетілдіру, өтетін әр сайлаудың маңыздылығын туралы кең көлемде ақпарат берілді.
Жастар өздерін қызықтырған сауалдарға жауап алып, сайлау туралы ойларын ортаға салды.
zhaikpress.kz