Орал гуманитарлық колледжінде оқытушылар мен білім алушылар арасында «EXPO-2017: Жаңа онжылдықтағы Қазақстан дамуының басты кепілі» атты пікірсайыс өтті.
Шара барысында «ЭКСПО-2017 көрмесінің Қазақстанға берер пайдасы қандай?», «Жасыл экономикаға» көшу еліміз үшін қаншалықты маңызды?», «ЭКСПО-2017 көрмесінен кейін Қазақстанның экономикалық хал-ахуалының өзгерісі қандай болмақ?» және тағы басқа мәселелер бойынша шараға қатысушы сарапшылар мен білім алушылар өз көзқарастары мен ойларын жете білдіріп, аса қызығушылықпен белсене қатысты.
Сонымен қатар «ЭКСПО-2017» көрмесінің қазіргі дайындығы мен әзірлік барысы туралы бейнеролик пен презентациялар көрсетілді.
Шара соңында сарапшылар ой түйіндерін айтып, пікірсайысты қорытындылады.
Әділ Төлепов,
Орал гуманитарлық колледжінің
қаржы және экономикалық пәндер оқытушысы