Стюардесса қонақүй бөлмесіндегі төсекте қандала бар-жоғын анықтаудың қарапайым әдісін бөлісті, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Чикагодағы Southwest Airlines компаниясының қызметкері Ханна Хадсон Киммел жұмысына байланысты жиі қонақүйлерде тұруға тура келетінін айтты. Оның айтуынша, бөлмеге кіргенде "өзі жасайтын бірінші нәрсе" – кереуетте кішкентай зиянкестер бар-жоғын тексеру.
Daily Mail мәліметінше, ол тексеру үшін барлық жапқышты көтеріп, матрастың бұрыштарын мұқият тексереді.
Бірақ ештеңе көрмесеңіз, оларды анықтауға көмектесетін бір лайфхак бар. Ханна бір кесек сабын алып, оны төсекте қалдырып кетеді. Біраз уақыттан кейін келіп, сабынға жәндіктер жинала ма, жоқ па қарайды.
"Төсек қандаласы әзіл емес, олар денеңізді шағып, қызартып тастайды. Сондықтан міндетті түрде тексеріңіз", - деді ол.