БАҚ өкілдеріне арналған брифингте облыс прокурорының бірінші орынбасары Дәурен Омарғалиев қараусыз қалған үйлерге ұры түсу мүмкін екенін айтты.
Сол себепті су басқан аумақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге 703 полиция қызметкері жұмылдырылған.
- Осындай уақытта амалсыз тасталған үйге ұры түсу жағдайы орын алады. Мұндай қылмыс жасаған адам ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабына сәйкес, мал-мүлкі тәркіленіп, 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, - деді Дәурен Омарғалиев.
Қоса кетейік, Қылмыстық кодекстiң 54-бабы 1-бөлiгiнiң 11-тармағына сәйкес төтенше жағдай кезінде қылмыс жасау жазаны ауырлататын еске саламыз.