Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев суға кеткен жерлердің құрылысы туралы пікір білдірді.
«Бір бөлмелі және 2 бөлмелі үй болады. Бір үйдің бағасы 22 миллион теңгеге келеді. Сонымен бір шаршы метр 281 мың теңге, одан кейін үйлерді жаңадан тұрғызу үшін осы қаражатты жұмсаймыз. Қазір нақты үйлердің саны белгісіз. Жергілікті атқарушы билік толық ақпаратты жинайды. Үйдің бағасы 22 миллион теңге болуы мүмкін. Осындай бағаны бекіттік, - деді Өнеркәсіп және құрылыс министрі.