27.07.2021, 18:05
Оқылды: 26

Су көлігі ардагерлерін құттықтады

Бүгін Орал қаласы Чапаев атындағы затондағы «РечФлот» жағажайында облыстың су көлігі ардагерлерімен кездесу өткізілді.

1 (53)
Кездесуде БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Айдар Меңеев «Орал-Флотсервис» ЖШС ардагерлерін келе жатқан Қазақстан Республикасының көлік қызметкерлерінің күнімен құттықтады.

1 (66)
–Жүз жылға жуық тарихы бар мекеме талай соқпақты, соқтықпалы жолдардан өтті. Енді төрт жылдан соң ғасырлық мерейтойын қарсы алмақ. Бұл жерде 100 жылдың ішінде көптеген ұрпақтар сабақтастығы жалғасып, қызметі атадан балаға мирас болыпқалған бір тұтас әулет қалыптасты десе де болады. Құрметті ардагерлер, сіздерді мерекелеріңізбен құттықтай отырып, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасы амандығын тілеймін,-дей келе Айдар Қазбекұлы облыс басшылығының және БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының атынан аталған ЖШС директоры Әлібек Жанғазиевке алғысхат табыс етті.
Кездесу барысында «Арина» кемесінің капитаны Марат Есболов, су көлігі ардагері Петр Гончаров сөз сөйлеп, жетекшілік ететін құзырлы органдардың құттықтауына алғыстарын білдіре отырып, «Орал-Флотсервис» ЖШС-інде қордаланған мәселелерді де ортаға салды.

Нұрым Нұрманов
(Мақаланы толығырақ облыстық «Орал өңірі» газетінің алдағы жұма күнгі санынан оқи аласыздар)

Суретке түсірген: Эльвира Меңдіғали

zhaikpress.kz

1 (12) 1 (18) 1 (13) 1 (65) 1 (23)

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале