11.02.2021, 14:38
Оқылды: 56

Су мәселесіне салмақты қарайтын уақыт жетті

Елдегі суға қатысты қалыптасқан күрделі жағдай, соның ішінде Батыс Қазақстан өңіріндегі күні  бүгінгі жағдай Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың назарына жетті, тікелей  тапсырмасына  айналды. Бұл халықты сөзсіз қуантып отыр.

19940C43-D94C-4CA6-867D-0E5CD66601CE

Жақында Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінде Президент: «Су ресурстарын сақтау және пайдалану – аса маңызды міндет. Бұл – ұлттық қауіпсіздік пен орнықты дамуды қамтамасыз ету мәселесі. Менің тапсырмам бойынша су ресурстарын басқарудың ұлттық жобасы дайындалды. Оны қабылдап, қаржыландыру ісін тездету қажет.

Қазір Жайық өзені қатты суалып, экологиялық ахуалы күрт нашарлап барады. Былтырғы желтоқсанда Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының 2024 жылға дейінгі бағдарламасы қабылданды. Бұл құжаттың негізгі мақсаты – Жайық өзені аңғарының экожүйесін сақтау. Үкіметке оны сапалы жүзеге асыруды тапсырамын. Жалпы, су дипломатиясының жұмысын жандандыруымыз қажет», – деп қадап айтты.

Мемлекет басшысының мәлімдемесі біздің облыстан Парламент Сенаты мен Мәжілісіне сайланған депутаттарды да бей-жай қалдырмады. Іле-шала сенатор Нариман Төреғалиев бастап, қалған Сенат, Мәжіліс депутаттары, жерлестеріміз қол қойып, ҚР Премьер-министрі А. Маминнің атына су мәселесіне орай депутаттық  сауал  жолдады.

Халық қалаулылары негізгі күнкөрісі мал болып табылатын Бөкей ордасы, Жәнібек, Казталов, Жаңақала аудандарындағы 80 мыңнан астам тұрғынның мұң-мұқтажын жоғарыға жеткізді.

Мақаланың толық нұсқасын "Орал өңірі" газетінің №12 санынан оқи аласыздар.

Тоқтар Ғабдірешұлы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале