13.06.2025, 14:45
Оқылды: 144

Су саласы қызметкерлерінің жалақысы 50%-ға дейін өседі

Мемлекет басшысы су саласы қызметкерлерінің жалақысын көтеруге бағытталған «Табиғи монополиялар туралы» заңға өзгерістер енгізуді көздейтін заңға қол қойды. Түзетулерді Су ресурстары және ирригация министрлігі әзірледі.

WhatsApp Image 2025-06-13 at 15.35.38

Сурет: gov.kz

Өзгерістер сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін көрсететін 25 мыңнан астам қызметкердің жалақысын арттыруға мүмкіндік береді. Өңірге және статистикалық деректерге қарай жалақы орта есеппен 35–50%-ға өсіп, жылу және электр энергетикасы салаларындағы мамандардың деңгейіне дейін жетеді. Бұл су саласындағы кадр тұрақсыздығын азайтып, жоғары білікті мамандарды тартуға жол ашады.

«Табиғи монополиялар туралы» заңға енгізілген өзгерістер биыл 1 қыркүйектен бастап күшіне енеді.

«Статистикалық мәліметтерге сәйкес, жылу және электр энергетикасы саласында орташа жалақы – 330 мың теңге. Ал су шаруашылығы саласында – 231 мың теңге. Айтарлықтай айырмашылық бар. Қабылданған түзетулер еліміздің дамуы үшін аса маңызды су саласының кадрлық әлеуетін арттыруға бағытталған», – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Былтыр Су ресурстары және ирригация министрлігі «Қазсушар» РМК қызметкерлерінің жалақысын орта есеппен 25%-ға көтергенін еске сала кетейік.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале