13.06.2024, 11:31
Оқылды: 126

Су тасқыны: БҚО-да мал шығыны 100% өтелді

БҚО-да су тасқыны болған аудандарда төтенше жағдай салдарынан өлген мал басының санын анықтау және өтеу бойынша жұмыс жүргізетін арнайы комиссиялар құрылып, тасқын салдарынан 2 457 бас ауыл шаруашылығы жануарының шығыны расталды. Бұл туралы БҚО ауыл шаруашылығы басқармасы мәлімдеді.

Өзен Орал ЖП

«Ветеринариялық қызмет, жергілікті әкімдіктермен бірлесіп, өлген жануарлардың өлекселерін жою жұмысы толықтай жүргізілді.

Жануарлардың өлекселерін жою жұмысы өртеу арқылы арнайы қазылған шұңқырларға көміліп, залалсыздандырылды.

Су тасқынынан өлген ауыл шаруашлығы жануарларының құнын есептеу Премьер-Министр Олжас Бектенов төрағалық еткен су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және 2024 жылғы су тасқыны кезеңінің салдарын жою жөніндегі республикалық штаб отырыс бекіткен су тасқынынан шығын (өлім) болған ауыл шаруашылығы жануарларының құнын өтеу жөніндегі алгоритміне сәйкес атқарылды.

Айқындалған шығындар негізінде облыс бюджетінің төтенше жағдайлар резервінен су тасқынынан өлген ауыл шаруашылығы жануарларының құнын өтеу үшін 187,5 млн. теңге қаражат бөлінді.

Бүгінгі күнге барлығы 139 өтінімге сәйкес 1 171 бас ауыл шаруашылығы жануары, соның ішінде 219 бас ірі қара, 680 бас ұсақ мал, 63 бас жылқы, 71 бас шошқа және 138 бас құс үшін 151,6 млн. теңгеге облыс тұрғындарының мал шығындары өтелді.

Ауыл шаруашылығы жануарларының бірдейлендіру жүйесінде тіркелмеген мал бастарына шығынды өтеу бюджеттік емес көздерден жүргізілді», делінген хабарламада. 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале