6.03.2025, 12:45
Оқылды: 437

Су тасқыны: БҚО-дағы ірі өзендер тасымайды

«Қазгидромет» РМК БҚО филиалы мамандарының биылғы көктемге жасалған болжамы бойынша облыстағы ірі өзендер тасымайды, бірақ топырақ бетіндегі тоңның қалыңдығына байланысты қарғын судың немесе жаңбыр суының тасқыны болуы мүкін аудандар бар.

Өзен Орал ЖП

Болжамға сәйкес облыста су тасқыны қаупі жоғары аудандар анықталған. Бұлар Орал қаласы, Тасқала, Бәйтерек, Шыңғырлау, Бөрлі, Қаратөбе аудандары.

Бұдан бөлек Қазгидромет БҚО аумағындағы өзендердегі су деңгейі туралы жасалған болжамын хабарлады.

  • Деркөл өзені Тасқала ауылы тұсында 515 см-ге дейін көтеріледі, деп болжанып отыр. Ал Тасқала ауданы үшін қауіпті деңгей 520 см құрайды.

Деркөл өзені Бәйтерек ауданы, Белес ауылы тұсында 551 см-ге дейін көтеріледі деген болжам жасалды. Бұл ауылдың тұсында Деркөлдің қауіпті деңгейі 600-650 см.

Шаған өзені 986 см-ге дейін көтерілуі мүмкін. Ал Шаған өзені 1280-ге көтерілгенде ғана тасиды.  Биыл көктемде Жайыққа Ресейден 3,2-5,2 млрд текше метр су келеді деп болжап отырмыз. Ал, 2024 жылы көктемде Ресейден Жайыққа 11 млрд текше метр су келген болатын. Биылғы болжам бойынша 2 жарым есеге аз су келу керек.

Жайық өзені деңгейі Орал қаласы тұсында 550-650 см-ге дейін көтерілетін болады. Ал қауіпті деңгей 850 см құрайды.

Жалпы облыс аумағындағы барлық өзендер бойынша да жасалған болжамдарға сәйкес су қауіпті деңгейден асады деген болжам жоқ,- деді «Қазгидромет» РМК БҚО филиалының директоры Тілеген Шапанов.

Жанат Көшкінбай,

zhaikpress.kz   

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале