3.05.2024, 17:46
Оқылды: 69

Су тасқыны кезеңінде су сапасына күнделікті зертханалық бақылау жүргізілді

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мақсатында БҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті халыққа берілетін ауыз судың сапасына мониторинг жүргізді. 

 су дрон самал (11)

Су тасқыны кезеңінде су сапасына күнделікті зертханалық бақылау жүргізіледі. Санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг кезінде микробиологиялық, санитариялық-химиялық көрсеткіштерге су сынамалары іріктеліп, зерттеледі. Су тасқыны басталғаннан бері орталықтандырылған және орталықтандырылмаған сумен жабдықтау жүйесінен 1449 ауыз су сынамасы алынды, оның 73-і (5%) сәйкес келмейді.

Судың сәйкес келмейтін сынамалары бойынша су шаруашылығы ұйымдары, кейіннен ауыз су сынамаларын іріктеумен сумен жабдықтау жүйелерін жуу және дезинфекциялау жөніндегі іс-шараларын жүргізеді.

Судың сапасы мен қауіпсіздігінің зертханалық мониторингінің нәтижелері бойынша жұқпалы аурулардың су арқылы пайда болу қаупі жоқ.

Су тасқынынан зардап шеккен аумақта халықты патогендік микроорганизмдермен жұқтыру және инфекциялық, оның ішінде аса қауіпті аурулардың таралу қаупі артады.

Дезинфекция - бұл қоршаған орта объектілеріндегі патогендік микроорганизмдерді адамдарға жұқтырудың алдын алу үшін бағытталған іс шара.

БҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы

М.Арыспаев

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале