Су тасқыны салдарын тартып жатқан халыққа мынадай қолдау көрсетіледі:
- Төтенше жағдай жарияланған аудандар мен қалалардағы субсидияланатын жұмыс орындарына орналасқан қазақстандықтардың жалақысы өзгеріссіз қалады;
- ТЖ режимі жарияланған аудандар мен қалалардағы атаулы әлеуметтік көмек алушыларға АӘК мемлекеттік мекемелерге жүгінуінсіз автоматты түрде ұзартылады;
- Су тасқынынан зардап шеккен азаматтардың тұрғын үйі қалпына келтіріледі. Азаматтарға берілетін үйдің жобасы әзірленді. Олар:
- Су тасқыны салдарынан қырылған малға өтемақы төленеді. Мал иелеріне өтемақы төлеуге қатысты алгоритм әзірленді.
- Фермерлер мен мал иелеріне несие және лизинг міндеттемелерін кейінге шегеру бойынша қолдау көрсетіледі. Төлем кешіктірілген жағдайда айыппұл салынбайды. Азаматтардың несие төлемдері 3 айға автоматты түрде шегеріледі.
- Зардап шеккендерге 100 АЕК-ке (369 200 теңге) дейінгі мөлшерде біржолғы мемлекеттік әлеуметтік төлем төленеді.
- Төтенше жағдай жарияланған өңірдің педагогтері аттестаттаудан Оқу-ағарту министрлігі белгілеген жекелеген мерзімдерде өтеді. Тасқын су салдарынан баспанасыз қалғанпедагогтер үшінаттестаттаудан өтукелесі жылға ауыстырылады
- Тасқын су салдарынан зардап шеккенөңірлердегі оқушыларға Балаларды сауықтыру орталықтарына жіберіледі.
- Жастарға жеңілдетілген микрокредит беру бағдарламасы бойынша қарыз алып, қазір су тасқынынан зардап шеккендерге осы микрокредиттер бойынша төлемдері кейінге қалдырылады.
- Су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға мүгедектік мерзімі автоматты түрде ұзартылады