20.03.2025, 13:00
Оқылды: 294

Су тасқыны: жағдай жіті бақылауда

Облыс әкімдігінде ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өңірдегі су тасқыны мәселелеріне арналған кеңес өтті.

WhatsApp Image 2025-03-20 at 14.39.11

Кеңес барысында облыс әкімінің орынбасары Тілепберген Каюповтың, «Қазсушар» РМК, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшыларының, сондай-ақ су басу қаупі бар аудандар әкімдерінің баяндамалары тыңдалды.
Облыс әкімінің орынбасары Тілепберген Қаюпов су тасқыны кезінде елді мекендердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өңірде іске асырылып жатқан шаралар кешені туралы баяндады.

WhatsApp Image 2025-03-20 at 14.39.12 (1)
– Биыл елді мекендерді су тасқынынан қорғау үшін жалпы ұзындығы 143 шақырым қорғаныс үйінділерін салуға, 9 шақырым каналдар мен 93 шақырым арықтарды жайластыруға 4,5 млрд теңге бағытталды. Сонымен қатар, кенттер ішінде 582 м су өткізгіш құбырлар орнатылып, 74 шақырым магистральдық каналдар тазартылды. Облыстық бюджеттен қарды тазартуға және әкетуге 1,7 млрд теңге бөлініп, 937 мың текше метр қар шығарылды. Ресейлік әріптестерден алынған ақпаратқа сәйкес, Ириклин су қоймасынан секундына 204 текше метр ағызып, Жайық өзеніне 1,2 млрд текше метр су келеді деп күтілуде. Жалпы, жағдай тұрақты деп бағаланады, барлық жұмыстар штаттық режимде жүргізілуде, - деді Т. Каюпов.

WhatsApp Image 2025-03-20 at 14.39.11 (2)
БҚО ТЖД бастығының ЖАО Жанболат Жаншин су тасқыны кезеңінің басынан бастап 9 учаскеде су толып кету жағдайы тіркелгенін хабарлады. Алдын алу мақсатында жалпы ауданы 22 мың шаршы метр Өленті, Шыңғырлау және Деркөл өзендерінің 19 учаскесінде жарылыс жұмыстары жүргізілді.
– БҚО ТЖД базасында су тасқынына қарсы штаб жұмыс істейді, жағдайды бақылау үшін тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды. Су тасқынына қарсы іс-шараларға жеке құрамның 670 адамы, 260 бірлік техника, 7 қайық және 27 мотопомпа жұмылдырылды. Су тасқыны жағдайы бақылауда, - деді Ж. Жаншин.
Тыңдалған баяндамалардың қорытындысы бойынша Е. Тоғжанов нақты тапсырмалар берді, оның ішінде су тасқынына қарсы іс-шараларға тартылған түрлі мекемелер ұсынатын статистикалық деректерді сәйкестендіру және жүйелеу бойынша тапсырмалар берді.

WhatsApp Image 2025-03-20 at 14.39.12
Өткен жылғы су тасқыны барлық мемлекеттік құрылымдарды таңқалдырды, алайда азаматтық және мемлекеттік сектордың бірлескен күш-жігерінің арқасында оның салдары қысқа мерзімде жойылды. Осыған байланысты су тасқынына қарсы іс-шаралар адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, мүлікті сақтауда және экономиканың тұрақтылығын сақтауда маңызды рөл атқарады.

Түгелбай Бисен

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале