Бұл туралы Үкімет отырысында айтылды. Дәл қазір Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтіп жатыр.
Төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықовтың баяндауынша министрлік су тасқынының салдарын жою бойынша іс-шараларды үйлестіруді жалғастырып жатыр.
Фото: t.me/KZgovernment
Алғашқы сағаттардан бастап Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі, әкімдіктер, Қорғаныс, Ішкі істер, Ұлттық ұлан, Ұлттық қауіпсіздік комитеті бөлімшелерінің күштері мен құралдары жұмылдырылды.
Әрекет ету жедел, өзара іс-қимыл үйлесімді жүзеге асырылады.
Су тасқыны жағдайы тұрақты күрделі: батыс өңірлерде судың шамалы төмендеуі байқалады, елдің орталық, солтүстік және шығыс бөліктерінде өзендер деңгейінің қарқынды өсуі байқалады.
Су басу аймағында 5 облыс қалып отыр, әкімдіктер жергілікті ауқымдағы 20 ТЖ жариялады.
Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында күрделі жағдай сақталып тұр.
Министрліктің күштері мен құралдары дереу жұмылдырылып, жіберілді.
zhaikpress.kz