7.11.2024, 11:30
Оқылды: 40

Су тасқынына дайындық: еліміздегі гидротехникалық құрылыстарға тексеріс жүргізілді

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтың тапсырмасы бойынша келесі жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық аясында министрліктің  бассейндік инспекциялары гидротехникалық құрылыстарға тексеріс жүргізді.

IMG_0957

Суреттер: министрліктен

Айта кетейік, елімізде 8 бассейндік инспекция: Арал-Сырдария, Балқаш-Алакөл, Ертіс, Есіл, Жайық-Каспий, Нұра-Сарысу, Тобыл-Торғай және Шу-Талас жұмыс істейді. 

Тобыл-Торғай бассейнінің су қоймалары 62%, Есіл бассейні су қоймалары 85%, Жайық - Каспий бассейні су қоймалары 37%, Ертіс бассейні су қоймалары 83%, Нұра-Сарысу бассейні су қоймалары 86%, Арал-Сырдария бассейні су қоймалары 23%, Балқаш-Алакөл бассейні  су қоймалары 89% және Шу-Талас бассейніне қарасты су қоймаларына 54% су жиналған.

IMG_0958

«Барлық су қоймалары бекітілген кестеге сай жұмыс істеп жатыр және жоспар су тасқынына қатысты болжамдарға байланысты түзетілетін болады. Қазіргі уақытта  солтүстік, батыс және шығыс өңірлердегі су қоймаларынан су жіберілуде. Бұл көктемгі су тасқыны кезінде еріген қар суын қабылдауға бос орынды қамтамасыз ету үшін жасалуда. Қазақстанның оңтүстігіндегі су қоймалары су жинау режимінде жұмыс істеп жатыр. Судың мол болуына байланысты, 76%-ға толған Жамбыл облысындағы Тасөткел су қоймасы транзиттік режимге ауыстырылады», – деді Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті төрағасының міндетін атқарушы Гүлмира Имашева.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале