БҚО-да қазіргі уақытта су тасқынына қарсы жұмыстар күшейтілді. Жайық өзенінің жағасында бөгеттерді нығайту жұмыстары белсенді жүріп жатыр.
Осы жұмыстарға БҚО Тексеру комиссиясының өкілдері де белсене кіріскен. Бұл туралы БҚО Тексеру комиссиясының төрағасы Әлібек Қадырбеков мәлімдеді.
- Өңірімізде көктемгі су тасқыны салдарынан қалыптасқан күрделі жағдайға байланысты табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. "Жұмыла көтерген жүк жеңіл" дегендей Тексеру комиссиясының қызметкерлері Жайық өзені жағалауына бөгеттер салуға белсене атсалысып жатыр. Сонымен қатар, Су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға қол ұшын созу мақсатында, материалдық көмек ретінде Тексеру комиссиясының қызметкерлері бір күндік жалақыларын аударды. Біз біргеміз! Бұл қиындықты тек күш біріктіру арқылы ғана жеңеміз,- деді БҚО Тексеру комиссиясының төрағасы Әлібек Қадырбеков.
zhaikpress.kz