28.05.2024, 10:30
Оқылды: 70

Су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға келтірілген залалды өтеу процесі қалай жүріп жатыр?

Бұл туралы Үкіметтің отырысында айтылды.

Орал Су 2024

Фото: zhaikpress.kz

Күні бүгінге дейін 30 538 отбасы 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алған. Жұмыс бақылауда, барлық қажетті шара жүзеге асып  жатыр.

Су тасқыны салдарынан республика бойынша шамамен 12 155 тұрғын үйге, сондай-ақ 18 321 саяжай құрылысына зақым келген.

Оның 5 353-і зардап шеккендер үшін жалғыз баспанасы (өтемақыға жатады).

Бүгінгі таңда 15 093 тұрғын үй мен саяжай құрылыстарына сараптама жасалды. Ол жалпы санның – 84%.

Қорытындыға сәйкес, 9 мыңнан астам үй қалпына келтіріледі, 4 315 үй – апатты деп танылды.

Өңірлерде 1 847 үй мен пәтердің құрылысы басталды. Тағы 3 417-ін қайталама нарықтан сатып алу жоспарланып отыр.

Вице-премьер әкімдіктерге барлық қажетті қорытындыны барынша қысқа мерзімде ресімдеу және жаңа тұрғын үйді уақытында пайдалануға берілуін қамтамасыз ету тапсырылғанын атап өтті.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале