Оқу-ағарту министрлігі су тасқыны орын алған өңірлерде оқу процесін ұйымдастыру бойынша жұмыстарды жалғастыруда.
Фото: gov.kz
Оның ішінде ҚР ЦДИАӨМ-мен бірге интернет жылдамдығы төмен ауыл мектептерін жоғары жылдамдықты желіге қосу бойынша тиісті іс-шаралар жүргізілуде.
Қостанай, Ақтөбе, Ұлытау және Шығыс Қазақстан облыстары бойынша мектептерге Starlink желісінің терминалдары орнатылды.
Жалпы, еліміздің 329 мектебі Starlink технологиясын қолдана отырып, интернетпен қамтамасыз етілген. Терминалдар орнатылғаннан кейін мектептердегі интернеттің орташа жылдамдығы 150 Мбит/с құрайтын болады.