8.04.2024, 10:31
Оқылды: 53

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі оқушылар қажетті оқу-құралдарымен қамтылды

Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.

 

акжайык балалар

Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны кезеңінің салдарын жою жөніндегі республикалық штабтың жұмысы аясында 55 мектеп уақытша орналастыру пункттері болып белгіленді. Бұл пункттерде 7255 бала бар, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

Оқу-ағарту министрі су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі балаларды жазғы сауықтыру орталықтарына жіберуді тапсырған болатын. Бүгін оларды орналастыру жұмыстары басталды. Тек бірінші күні 80-нен астам бала қабылданды.

«Балалар мен зардап шеккен азаматтарға 300-ден астам педагог-психолог психологиялық көмек көрсетуде. Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілдердің белсенді араласуы ұйымдастырылды. Балалар қажетті оқу құралдарымен, қашықтықтан оқытуға арналған техникалық құралдармен, тамақпен және киім-кешекпен қамтамасыз етілген. Интернеттің жылдамдығы төмен ауылдық мектептерді Starlink желісіне қосу жұмыстары жүргізілуде», - деп атап өтті ведомствоның ресми өкілі Мереке Амангелдіқызы.

Жалпы, білім беру саласының 20 мыңға жуық қызметкері волонтер ретінде су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысуда.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале