"Сәуір айында мейірімді азаматтар, жеке, мемлекеттік және шетелдік компаниялар зардап шеккен өңірлерде тұрғын үй салу үшін Қорда әсерлі сома 4,77 млрд теңге жинады. Қор жеке және заңды тұлғалардың сауалдарына бет бұрып, қайырымдылық жинау мерзімін мамырдың соңына дейін тағы бір айға ұзартады", - деп хабарлады "Қазақстан халқына" ҚҚ ресми өкілі – баспасөз хатшысы Марат Мұхамедсалиев.