Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжілістің жалпы отырысында субсидия берудегі өзекті мәселелер туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Субсидияны тұрақты беруге қатысты мәселе жиі көтеріледі. Мен бұған дейін субсидиялау тәсілдерін қайта қарау қажеттігі туралы тапсырма берген болатынмын. Бұл жұмыс қысқа мерзім ішінде атқарылуға тиіс. Біз судсибия алуды жеңілдетуге, оның қолжетімді болуын және ашықтығын қамтамасыз етуге тиіспіз.
Жуырда болған заңбұзушылықтардың қайталануына жол бермеу маңызды. Алдағы үш жылда азық-түлік қауіпсіздігі мәселесін түбегейлі шешу қажет. Бұл – Үкімет пен әкімдердің алдында тұрған негізгі басымдық екеніне айрықша назар аударамын», - деді Қ. Тоқаев Мәжілістің жалпы отырысында.
Мемлекет басшысы нарықта азық-түлік тауарлары мол болмаса, инфляцияны ұстап тұруға ешқандай шара көмектеспейтінін баса айтты.
Бұған дейін Президент астық түсімі кемігенін және биыл да жем-шөппен қамтамасыз ету қиындайтынын мәлім еткен еді.