15.03.2023, 12:31
Оқылды: 55

Субсидиялау порталына 24,5 млрд теңгеге 4,3 мыңнан астам өтінім түсті

Gosagro.kz порталында қазақстандық фермерлер жалпы сомасы 24,5 млрд теңгеден астам сомаға субсидиялауға 4391 өтінім берді. Барлық деректер веб-порталда ашық қолжетімділікте орналастырылған, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі. 

6239d5280ff875c284ca2b77a316ba6b_1280x720

1,3 млрд теңгеге 270 өтінім мақұлданды, ал  796,1 млн теңгеге 113 өтінім қабылданбады.

 Сонымен қатар облыс әкімдіктерінің былтырғы жылғы кезеңде резервке қойылған өтінімдер бойынша фермерлер алдында 26 млрд теңге мөлшерінде берешегі бар. Деректер Qoldau жүйесінен Ауыл шаруашылығы басқармаларының жеке кабинеттеріне тартылды.

Осылайша, инвестициялық субсидиялау және өнімді қайта өңдеу бағыты бойынша өңірлердің АШБ былтырғы берешектері жабылғаннан кейін ғана жаңа өтінімдерді төлеуге көше алады. СБМАЖ-де жиналған деректердің төлемдерін қалыптастыру бойынша функция іске асырылды. Облыс әкімдіктеріне тиісті түсініктемелер жолданды. Бүгінгі таңда 7 млрд теңгеден астам қаражат төленді.

Пайыздық мөлшерлемені субсидиялау үшін жүйеде 250-ден астам қаржы институты (АКК, КАФ, ЕДБ, кредиттік серіктестіктер) тіркелді, оларға 4,1 млрд теңгеге өтінімдер мақұлданды.

Сонымен қатар, министрлік Ауыл шаруашылығы басқармаларымен бірлесіп пайдаланушылардан келіп түсетін өтінімдерді қарау және мақұлдау процесін офлайн және онлайн режимдерде пысықтайды.

Өңірлік басқармалардың мамандары СБМАЖ  платформасында жұмыс істеу бойынша оқытылды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале