22.06.2022, 20:17
Оқылды: 47

Суға шомыл, сақтықты ұмытпа!

Бүгін шамамен сағат 16:45-те Теректі ауданы Сары өмір ауылы маңындағы Шалқар көлінде суда ата-анасының қарауынсыз қалған Тасқала ауданы, Амангелді ауылы тұрғыны Савелий Николаевич Локтев (26.12.2013 жылы туған)  үрмелі матраспен жағадан көлдің ортасына ағып кеткен.

797FF688-D0DD-4340-9EB4-F82C7978DAA8

Суреттің дереккөзі: Хабар 24

Артынан құтқару мақсатымен (21.11.1957 жылы туған) Михаил Леонтьевич Локтев жүзіп кеткен. Екеуі де жоқ. Құтқару-іздестіру жұмыстарына Шалқар көліндегі №5 құтқару бекеті жолданды. Баланың үрмелі матрасы табылды. Іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасуда.

БҚО ТЖД

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале