Мұғалжар тауының биігіне көз салған Нұржан:
– Е-е-е, туған биігім, сан ғасырдың куәсі болған саған уақыт айғыз-айғыз ізін салғанымен, еңсеңді бір түсірмей жасап келесің. Міне, біз болсақ уақыт деген төрешіге бағынып, жүріп келеміз, жүріп келеміз. Осы бір ғұмырымда марқұм анам Зере айтып кеткен бір аманатты орындауды армандап жүр едім. Соның жөні енді келіп тұрған сияқты. Сапарымды оң қыла гөр! - деп іштей күбірлеп, бетін сипады.
Толығырақ облыстық «Орал өңірі» газетінің 2021 жылғы 16 сәуір күнгі №30 санынан Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Серік Жұмағалиевтің «Сүйекжыра. Кіндік қаным тамған болар...» деректі әңгімесінен оқи аласыздар!
zhaikpress