- Сұйытылған газ бағасы 50-75 теңге аралағында бекітілген. Негізі шектен асатын баға жоқ. Мұның себебі аймаққа байланысты. Мәселен, егер тұтынушылар сұйытылған газ шығаратын аймақта тұратын болса онда газ бағасы 50 теңгеден аспайды. Ал егер 1000 км алшақ жерде орналасса ондай жағдайда газды тасымалдау қажет болады. Сол себепті 75 теңгені құрайды. Ешқандай басқа баға бекітілмеген. Қазіргі таңда газ жеткілікті, – деп атап өтті Болат Ақшолақов.
Сондай-ақ министр бүгінде әр өңірдің әкімшіліктерімен жұмыс жүргізіп жатқанын айтты.
-Сұйытылған газ бағасы бойынша күнделікті хабардар болып отырмыз. Егер бағамға қатысты қандайда жағдай болса біз сол күні мәселені шешуге тырысамыз, – деді министр.