6.04.2025, 0:02
Оқылды: 415

Сұлтан Зәуірбек Азинганы жеңді

Барша қазақ даласын дүбірге бөлеген бокс кешінде IBF Intercontinental тұжырымындағы екінші орта салмақта жекпе-жек өткізген қазақстандық Сұлтан Заурбек 18 кездесудің 12-сінде қарсыласын сұлатқан Оңтүстік Африка Республикасының өкілі Азинга Фузилемен айқасты.

IMG-20250406-WA0002
Қос қарсылас алғашқы раундтарда аңдысып бақты. Жетінші раунд аяқталысымен Сұлтан темпті күшейтті. Сегізінші бөлікте Азинга Зәуірбектің қарқынына тойтарыс бере алғанымен тоғызыншы және оныншы раундта Сұлтанның біраз соққысы өтті.

Жоспарланған барлық раундты еңсерген айқас соңында төрешілер Сұлтан Зәуірбекті жеңімпаз деп таныды.
- Өз еліңде, өз жанкүйерлеріңнің алдында айқасу қиынға соғады екен. Өз салмағымдағы барлық тұжырымның чемпионы атағы үшін кез келген қарсыласпен күш сынасуға әзірмін,-деді Сұлтан.

Түгелбай Бисен

Фото: Нұрғали Жұмағазы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале