4.09.2023, 16:45
Оқылды: 53

Сұлулық салондары мен шаштараздарға қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар қандай?

Сұлулық салондары мен шаштараздарға қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар қандай? Бұл туралы БҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің коммуналдық объектілерді бақылау және қадағалау бөлімінің бас маманы Лаура Насырова айтып берді.

644A9F74-1821-4599-80C4-7837BE043E35

Сурет: almaty.tv

«Шаштараз және косметикалық, косметологиялық қызметтер-әлеуметтік мақсаттағы, тұрмыстық қызмет көрсету және халыққа қызмет көрсететін объектілерге жатады.

Қазіргі таңда бизнестің бұл түрі танымал және ауқымды кең таралған, сондықтан жеке немесе заңды тұлғалар шаштараз және косметикалық қызметтерін жүзеге асыру кезде қолданыстағы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 26 шілдедегі №ҚР ДСМ-67 бұйрығының «Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сай қызмет көрсету керек:

Қызметкерлердің жеке гигиена ережелерін сақтауы. Сіз шаштараз, маникюр, педикюр немесе косметолог шеберіне келгенде, шебер жұмысты бастамас бұрын қолын жууға міндетті.

Тарақтарды, щеткаларды, шаш қиюға арналған қайшыны қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес әрбір клиенттен кейін толық батырған (дезинфекциялау ерітінділері) кезде химиялық әдіспен немесе ультракүлгін сәулелеу арқылы кейіннен дезинфекциялай отырып, ағынды судың астында жуады.

Тері және сілемейлі қабаттардың зақымдануы мүмкін манипуляциялар үшін (маникюр, педикюр, косметикалық қызметтер) пайдаланылатын құрал-саймандар нормалау құжаттарының талаптарына сәйкес дезинфекциялау, стерилдеу алдында тазарту және стерилдеуге жатады.

Парфюмерлік-косметикалық өнімдерді, шашты, тырнақты, теріні күту құралдарын қолдану, сақтау және оны келушілерге өткізу олардың қауіпсіздігін растайтын құжаттар бар болған жағдайда жүргізіледі.

Әрбір қызметкерде медициналық және зертханалық тексерулердің, гигиеналық оқытудың нәтижелері бар белгіленген үлгідегі жеке медициналық кітапша болуы тиіс

Әрбір келушi дербес қолдануы үшін таза киім-кешек қорымен (сүлгiлер, сулықтар, ақжаймалар және басқалары) қамтамасыз етіледі. Пеньюарлар тек таза сулықпен немесе бір рет қолданылатын жаға, астылық лентамен қолданылады.

Тері, сілемейлі беттердің зақымдалуы мүмкін манипуляция жүргізудің барлық кезеңдері клиент үшін қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Маникюрді, педикюрді, пирсингті, татуажды жүргізуден бұрын және одан кейін тері беті және зақымдалған жерлер зарарсыздандырылады.

Педикюр жүргiзу кезiнде аяқ астына салынатын жастықша әрбiр қолданудан кейiн дезинфекциялау ерiтiндiсiне салынған шүберекпен сүртіледі.

Парентералдық гепатитін және адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырудың алдын алу мақсатында, жүргізілу барысында қолдың қанмен ластануы мүмкін барлық манипуляциялар резеңке қолғаптармен жүргізіледі.

Осы ережелердің сақталуын шеберіңізден сұрауыңызға болады, бұл сіздің денсаулығыңыз үшін маңызды», - дейді ол.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале