10.11.2023, 11:30
Оқылды: 54

"Сұмдық жағдай". Бишімбаевтың бұрынғы әйелі болған оқиғаға қатысты пікір білдірді

Ұсталған Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

article_60105

Фото: qazaqstan.tv

9 қарашада экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ұсталғаны белгілі болды. Кеше Астанадағы мейрамханалардың бірінде келушілер арасында жанжал шығып, салдарынан әйел алған жарақатынан көз жұмған. Болжам бойынша, қаза тапқан адам - экс-министрдің әйелі. Астана полиция қызметкерлері ер адамның ұсталғаны туралы пікір білдірді, бірақ оның аты-жөні аталмады.

Tengrinews.kz тілшісі экс-министрдің бұрынғы әйелі Назыммен хабарласты. Ол бірнеше жыл бұрын Қуандық Бишімбаевпен ресми түрде ажырасқанын растады. Оның айтуынша, кешегі оқиғаға байланысты оған көп адам қоңырау шалған.

"Иә, бұл - сұмдық жағдай. Маған біреулер хабарласып жатқанда, не болып жатқанын мүлде түсінбедім... Шок", - деді Бишімбаевтың бұрынғы әйелі.

Назымның айтуынша, ол Қуандық Бишімбаевпен 14 жыл бойы ресми некеде болған. Ерлі-зайыпты 2020 жылы, экс-министр түрмеден шыққанына бір жыл өткеннен кейін ажырасқан. Олардың үш баласы бар.

"Біз 2020 жылғы 5 қазаннан бастап ресми түрде ажырасқанбыз, бірге тұрмаймыз. Біз сирек араласатынбыз, онда да тек балалар мәселесі бойынша. Балаларға көмектесіп, араластын, бірақ кейінгі кезде сиреп кетті. Бұл - қайғылы жағдай, Салтанаттың отбасына көңіл айтамын", - деді Қуандықтың бұрынғы әйелі Назым.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале