Шынболат Джаманкулов М.Өтемісов атындағы педагогикалық институтын «экология және табиғатты пайдалану» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2010 жылдан бастап Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағында құтқару бөлімшесінің бас құтқарушысы болып қызмет атқарады. Ол – І санатты сүңгуір құтқарушы.
– Жақсы сүңгуірдің бойында батылдық, өз мамандығына деген құштарлық сияқты қасиеттермен бірге мықты денсаулық болуы керек, - дейді Шынболат Қангерейұлы.
Кейіпкеріміз «КАЗСПАС» құтқару бөлімшелерінің халықаралық және республикалық жиын-семинарларында құтқару көпсайысы бойынша команда құрамында 2018 жылдан бері жарыстарға катысып, жүлделі орындарға ие болып келеді.
Биыл облыстағы су тасқынының салдарын жоюға белсенді қатысты. Шынболат бес баланың әкесі.
– Отбасы – шағын мемлекет. Шағын мемлекеттің ұстанымы отбасылық құндылықтарды сақтау, балаға дұрыс тәлім-тәрбие беру, - дейді ол.