Сәуле Төлегенқызы, Сырым ауданы: Пойыз билеті арзандады ма?
– Ұзынқұлақтан «пойыз билеті арзандады» деп естідік. Айналаны қымбатшылық жайлаған кезде арзан дүниенің болғаны көңілге бір демеу болар еді.
Білейін дегенім, пойыз билеті арзандады ма? Сондай-ақ шынымен бағытында жүретін пойыз жолының қысқарғаны жөнінде айтылып жүр. Мұны қалай түсінуге болады? Алыс жолға пойызбен тербеліп барған да жақсы ғой. Алайда қазір вагондарға қатысты айтылатын сын көп. Вагондар жаңартылды ма?
Қайырболат Ғайнеден, Орал вокзалының бастығы:
– Пойыз билеттерінің бағасы өзгерген жоқ, бұрынғыша. Ал біздің облысқа қатынайтын Алматы–Орал «Тальго» пойызына арзан билет алуға болады. Ол үшін билетті күні бұрын алу керек. Өйткені билетті жолға шығуға 1-2 күн қалғанда немесе дәл сол күні алса, қымбат болады. Билет бағасы 17 мыңға, тіпті 45 мың теңгеге де жетеді. Сонымен қатар «Тальго» билетінің бағасы демалыс және жұмыс күндері түрліше болуы мүмкін. Нөмірі №7, №8 Алматы–Саратов жүрдек пойызы коронавирус індетіне байланысты тоқтатылған еді. Биыл №7, №8 пойыздардың атауы Алматы–Орал, Орал–Алматы болып өзгертіліп, қайтадан жүре бастады. Наурыздың үшінде алғаш рет Оралға келді. Әзірше №7, №8 пойыздардың жүру бағытын бұрынғы қалпына келтіру жөнінде ешқандай тапсырма келген жоқ. Дегенмен алдағы уақытта өзгеріс болуы мүмкін. Сонымен қатар жай жүретін №379, 380 Алматы–Орал, Орал–Алматы пойыздары да бар. Қазір ескі вагондар жаңасына ауыстырылуда. Мысалы, №58 Орал–Нұр-Сұлтан–Нұрлы жол, №614 Орал–Құлсары пойыздарының вагондары түгел жаңартылды. Қазір Құлсарыға жүретін пойызда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған вагон да бар.
2021 жылдың 12 желтоқсанынан бастап (күшін жойғанға дейін)
Орал бекеті бойынша жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі
№ | пойыздың № | Қозғалыс бағыты | пойыз-дың келуі | аял-
дауы |
пойыз-дың кетуі | Қатынау мезгілі |
1 | 7 | Алматы-2 - Саратов | 22-44 | ----- | ----- | 03/03/22
тақ күні 29,3,5 |
2 | 8 | Саратов – Алматы-2 | ------ | ----- | 07-55 | 04/03/22
жұп күні 28,30, 4 |
3 | 51 | Алматы-2 – Орал | 13-25 | ---- | ---- | 14/12/21
күнделікті |
4 | 52 | Орал – Алматы-2 | ---- | ---- | 16-10 | 12/12/21
күнделікті |
5 | 57 | Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол - Орал | 10-30 | ---- | ---- | 14/12/21
жұп күні 30,1, 3, 6 |
6 | 58 | Орал – Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол | ---- | ---- | 20-55 | 12/12/21
жұпкүні 30, 2, 4 |
7 | 95 | Нұр-Сұлтан-–Нұрлы жол - Орал | уақытша тоқтатылды | |||
8 | 96 | Орал – Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол | уақытша тоқтатылды | |||
9 | 379 | Алматы-2 – Орал | 05-05 | ---- | ---- | 17/12/21
жм., дс. |
10 | 380 | Орал – Алматы-2 | ---- | ---- | 14-25 | 13/12/21
жм., дс |
11 | 613 | Құлсары – Орал | 01-13 | ---- | ---- | 15/12/21
тақкүні |
12 | 614 | Орал – Құлсары | ----- | ---- | 23-30 | 12/12/21
жұпкүні |
13 | 6871 | Орал –Семиглавый Мар | ---- | ---- | 08-55 | бс., жм., сн., жк. |
14 | 6872 | Семиглавый Мар- Орал | 18-30 | ---- | ---- | бс., жм., сн., жк. |
15 | 6873 | Шыңғырлау- Орал | 18-35 | ---- | ---- | бс., жм., сн., жк. |
16 | 6874 | Орал - Шыңғырлау | ---- | ---- | 09-30 | бс., жм., сн., жк. |
Нұр-Сұлтан уақытымен пойыздардың келуі мен кетуі.
Ақпарат үшін қозғалыс кестесі, өзгертілуі мүмкін.
Анықтама телефондары: 105.