13.03.2024, 11:30
Оқылды: 64

Светлана Жақыпова жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына келді

ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді.

7386f08cc13412167e436408a5f13da3_1280x720

 Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, министр екі күн ішінде бірқатар әлеуметтік нысанды аралайды, азаматтарды қабылдап, өңір активімен, «Зенит» зауытының ұжымымен және облыс тұрғындарымен кездесулер өткізеді.

Светлана Жақыпова Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру барысы және әлеуметтік-еңбек саласын дамыту туралы баяндайды. Сонымен қатар Орал қаласының мансаптық орталығының жұмысымен танысып, жергілікті және республикалық БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізеді.

Фото: www.gov.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале