18.06.2022, 0:03
Оқылды: 23

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңес басшыларды тыңдады

17 маусымда "AMANAT" партиясының Орал қалалық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. 

IMG_2760

Күн тәртібіне Орал қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде мемлекеттік сатып алу саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеу туралы, Орал қаласының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеу туралы мәселелер шығарылды. Сондай-ақ 01.01.2018-01.10.2021 мерзім аралығындағы Орал қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің жұмысы бойынша БҚО тексеру комиссиясының аудиторлық есебі негізінде сәулет және қала құрылысы бөлімі бастығының баяндамасы тыңдалды.

Орал қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Исатай Жазықбаев өз сөзінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша бөлімнің жүргізген жұмыстары туралы айтып берді. 2022 жылы бөлім жеткізушілермен 518 297,0 мың теңге сомаға (ҚҚС-мен) 38 шарт жасапты. Оның ішінде 16 шарт тікелей жасау арқылы бір көзден сатып алу әдісімен жасалған.

IMG_2754

Оның айтуынша, адамның қатысуын болдырмайтын және осы саладағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтатын тиімді алаңдардың бірі әлеуметтік қызметтер порталы болып табылады https://aleumet.egov.kz/ru/content/faq.

Бұл порталда адам өзіне қажетті және қолайлы тауарды өзі таңдай алады, сапасы мен бағасы бойынша жеткізушіні таңдай алады, бөлім тауардың құнын төлейді. Яғни, қазір порталдың арқасында сапа мен баға бойынша таңдау бар, бөлім қызметкерлерінің алушылармен байланысы жойылған.

Сәулет және қала құрылысы бөлімінің бастығы Ботакөз Түстікбай комиссия мүшелерін БҚО тексеру комиссиясының аудиторлық есебінің қорытындысы бойынша бөлім жүргізген жұмыстар туралы хабардар етті. Аудит барысында анықталған бұзушылықтар аудит жүргізу барысында жойылған.

Орал қаласының білім беру бөлімінің бастығы Ақжарқын Мүтиғоллақызы қаланың мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау бойынша қабылданған шаралар туралы баяндады. Ол Indigo сандық қызметтер порталының жұмысы туралы толығырақ айтып берді. Бүгінгі күні порталды пайдалану жөніндегі шарт бұзылған. Барлық деректер Balabaqsha Smart Nation уақытша алаңына көшірілген. Қызметтерді https://balabaqsha.snation.kz/kz/tko порталынан алуға болады.

Ақжарқын Мүтиғоллақызы Indigo порталының жұмысы бойынша шағымдар болғанын, төлем үшін қызмет алған тұрғындар жүгінгенін де атап өтті. Яғни балабақшаға кезек алу үшін қала тұрғындары бөгде адамдарға жүгініп, қажетті балабақшаға кезекті ақы төлеп рәсімдеген. Осы мәселе бойынша білім бөлімі қалалық ІІБ-не және портал бағдарламасын әзірлеушілерге хат жолдаған. Қаланың ІІБ осы қызметпен айналысатын адамдарды анықтаған кезде оларды жауапкершілікке тарта алмайды, өйткені олар салық төлейтін ресми тіркелген ЖК болып табылады. Ал әзірлеушілер тек осы тұлғалардың нөмірлерін бұғаттай алады, осыған байланысты қалалық білім бөлімінде тұрғындардан осы мәселеге қатысты қоңыраулар қабылдайтын Call-орталық құрылып, жұмыс істейді. Сондай-ақ бөлім тарапынан ата-аналармен порталда өз бетімен жұмыстану, қызметтерді алу бойынша түсіндіру іс-шаралары жүргізілуде.

WhatsApp Image 2022-06-17 at 18.55.35

Отырыс соңында комиссия мүшелері:

Орал қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне:

- жұмыс, қызмет және логистикада минустарды болдырмау мақсатында шипажайларға, курорттарға жолдамалар алған тұлғалармен кері байланыс орнатуды;

- жұмыстың үйлесімділігі және қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында санаториялық мекемелердің әкімшілігімен байланыс орнатуды;

- бөлімде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді.

Орал қаласының білім бөліміне:

- Қаланың мектепке дейінгі ұйымдарының басшылары тарапынан мемлекеттік сатып алу саласында бұзушылық фактілері болуына байланысты, сондай-ақ "Әділдік жолы" РҚБ өткізген сыбайлас жемқорлықты жою жөніндегі қызметті талдау қорытындысы бойынша, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында МДҰ басшыларының қатысуымен Қоғамдық кеңестің көшпелі отырысын қаланың мектепке дейінгі ұйымдарының бірінің базасында өткізуді ұсынды.

Альфия Шамаева, 

zhaikpress.kz 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале