Жуырда «Жайық Пресс» ЖШС бас директоры, серіктестік әкімшілігі, «Приуралье», «Орал өңірі» редакциялары, Ақпарат агенттігі, жоспарлау-экономикалық, шаруашылық бөлімінің қызметкерлерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ҚР заңнамасын және серіктестікте қабылданатын шараларды түсіндіру жөнінде жиналыс өтті.
- Сыбайлас жемқорлық бұл — үнемі мұқият зерделеуді, жүйелі көзқарасты, кешенді және жедел қарсылықты қажет ететін қазіргі қоғамның жағымсыз құбылысы. Еліміздегі сыбайлас жемқорлықтың деңгейі мен ауқымы экономикалық дамуды тежейді, инвестициялық ахуалға теріс әсер етеді. Елдің имиджін, Қазақстан Республикасымен ынтымақтастыққа халықаралық қызығушылықты төмендетеді. Осыған байланысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес еліміз үшін басты басымдық. Қазақстан Президенті сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы айта келе, қоғамның қатысуынсыз сыбайлас жемқорлықты жеңуге болмайтынын бірнеше рет атап өтті. Құрметті әріптестер, біз дәл сол қоғамбыз. Әсіресе "жазушы" қоғам, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне "нөлдік" төзімділік атмосферасын құруымыз керек және біздің ықпалымыздың аумағында сыбайлас жемқорлықты азайтуымыз керек. Егер біз 14 редакцияда бір басылымда 45 мың дана газет тарататын болсақ, онда отбасының орташа коэффициенті - 4 болса, оқырмандарымыз 200 мыңға жуық адамға жетеді. Бұл біздің облыс халқының үштен бірі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін нығайту қажет. БАҚ-та түсіндіру сипатындағы материалдар, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың әлеуметтік-маңызды іс-шараларын ұйымдастыру орналастырылсын, - деді "Жайық Пресс" ЖШС комплайенс-офицері Шәмшиден Мұқашев.
Жиын барысында 2021 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс институтын ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар бекітілгендігі айтылды.
Сондай-ақ 2022 жылғы мамырда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі нұсқаулықтар, серіктестік қызметкерлерінің мүдделер қақтығысы саясаты бекітіліп, 2023 жылғы 2 мамырда лауазым енгізілген.
Ал 15 мамырда комплаенс-офицер қызметкері қабылданып, 31 мамырда серіктестіктің комплаенс-қызметінің ережелері, лауазымдық міндеттері, жұмыс жоспарлары бекітілген.
Сонымен қатар 2-інші маусымнан бастап екі бөлімде (кадр қызметінде, жоспарлау-экономикалық бөлімде) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі.
zhaikpress.kz