9.09.2023, 12:04
Оқылды: 49

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күшейтілуде

Қазіргі уақытта жалпы республика бойынша, соның ішінде БҚО Полиция департаментінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күшейтіліп, пара алушыларды да және пара берушілерді де жазалау қарастырылған.

4_30Фото: egov.kz

Жуырда Орал қаласында Өзбекстан Республикасының азаматы патрульдік полиция батальонының инспекторына 12 мың теңге көлемінде пара бермекші болған жерінен ұсталды. Ол полиция қызметкеріне әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін пара ұсынған.

Оған қатысты ҚК-нің 367-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды (Пара беру).

«Ағымдағы жылдың өткен кезеңі ішінде Батыс Қазақстан облысында ішкі істер органдары қызметкерлерінің пара алуға оқталу бойынша 2 қылмыстық іс тіркелді.

Ағымдағы жылдың басында Ішкі істер министрлігімен ішкі істер органдары қызметкерлерінің адалдығын тексеру мақсатында «Integrrity check» пилоттық жобасы іске қосылған болатын.

Айта кету керек, қазіргі уақытта әр патрульдік полиция қызметкері, учаскелік полиция инспекторы, сондай-ақ, олардың қызметтік автокөліктері және орындары ақпаратты автоматты түрде жіберетін немесе жедел басқару орталықтарына жедел әрекет ету үшін жүктейтін, азаматтармен тікелей байланыс жасау заманауи фиксаторларымен жабдықталды.

Лауазымды тұлғаға пара беру Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық болып табылатынына басты назар аудару қажет, ол үшін ең жоғары жаза он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылады», - деп көрсетті ПД Өзіндік қауіпсіз басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Асхат Иманбаев.

БҚО Полиция департаментінің

баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале