22.10.2022, 10:48
Оқылды: 42

Сымсыз құлаққаптар мен басқа да гаджеттер қатерлі ісік тудыра ма?

Қазнетте сымсыз құлаққаптар мен басқа да гаджеттердің қауіптілігі туралы хабарламалар тарап жатыр. Мұндай құрылғылар қатерлі ісік ауруын тудыратындықтан екі жүзден астам ғалым оларды қолдануға қарсы петицияға қол қойған-мыс. Stopfake.kz сайтының жазуынша, бұл ақпараттар – жалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

221022100556702e

«Сымсыз құлаққаптар құлаққа еніп, миды «сәулелендіретіндіктен» онкологиялық сырқат тудырады деген қауесет желіде 2019 жылы тараған болатын. Бірақ ол кезде пайдаланушылар петицияға қазіргідей 250 емес, 200 ғалым қол қойды деп айтқан еді. Шындығында, ғалымдар сымсыз гаджеттерге тыйым салу туралы петицияға мүлдем қол қоймаған. Таратылған хабарламада ғалымдар тобының адамдарға арналған ұялы телефондар мен сымсыз құрылғылардан келетін иондаушы емес сәулеленудің қауіпсіздігін мұқият зерттеу туралы өтініштері жайлы айтылды. Мәтінде оларды пайдалануға тыйым салу туралы сөз жоқ», - делінген сайтта.

Онымен бір мезгілде, мәлім етілгендей, әртүрлі елдердің зерттеушілері сымсыз құрылғылардың, әсіресе құлаққаптардың адамдар үшін қауіпті, не қауіпсіз екенін анықтау мақсатында тәжірибелерді шынымен жүргізген. Америка онкология қоғамының мәліметінше, сымсыз құлаққаптар жұмыс істейтін Bluetooth-дан ұялы телефонға қарағанда әлдеқайда аз радиотолқын таралады.

«2019 жылы жүргізілген зерттеу сымсыз құлаққаптардан таралатын сәуле күші ұялы телефонға қарағанда 10-400 есе әлсіз екенін дәлелдеді.
АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек сапасын санитарлық қадағалау басқармасының сайтында 1999 жылы ұялы телефондардың жаппай тарала бастағаннан қазіргі уақытқа дейін ми ісігі ауруларының саны өспегені туралы ақпарат бар. Керісінше, бұл көрсеткіш, жыл сайын шамамен 0,2% төмендеп келеді.
Қорыта айтқанда, ұялы телефондарды пайдалану қатерлі ісік ауруларына шалдығу қаупін арттырмайды. Яғни, әлдеқайда әлсіз сәуле тарататын құлаққаптар бұл қауіпті арттыра алмайтыны түсінікті.
Бұл мәселені зерттеген ғалымдар қатерлі ісік пен сымсыз гаджеттерді пайдаланудың арасындағы байланыстың нақты дәлелін таппады.
Демек, таралған ақпарат ескі фейктің қайталануы болып табылады және белгіленген ғылыми фактілерге қайшы келеді», - деп түйіндейді Stopfake.kz.

Фото: mobimg.b-cdn.net

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале