10.01.2023, 16:02
Оқылды: 48

Сырттан тамақтану бір жылда айтарлықтай қымбаттаған

2022 жылғы қараша айының қорытындысы бойынша қоғамдық тамақтану ұйымдарының қызметі бір айда 2,7%, бір жылда 23,4% қымбаттаған. 

D9A115AA-F1A7-464F-A390-397C466B079E

Бір айда баға ең көп өскен өңір Жетісу облысы, мұнда қоғамдық тамақтану қызметі 13,9%-ға өскен. Одан кейін Шымкент пен Алматы облысы: бір айда тиісінше 9,9% және 7,3%. Жеті өңірде баға өзгерген жоқ.

Жылдық динамикада да баға ең көп өскен өңір Жетісу облысы: бірден 44,7%. Сондай-ақ Шымкентте (40,3%) және елордада (38,5%) айтарлықтай өсті. Бағаның ең аз өсуі Алматы қаласында байқалды: бір жылда 5,2%.

Қоғамдық тамақтану нысандарының ішінде асхана қызметі бір жылда 26,6%, фастфуд ұйымдары қызметі – 17,1%, мейрамханалар, дәмханалар және ұқсас мекемелердің қызметі 20,6% қымбаттады. Оның ішінде мейрамханадағы түскі ас бағасы 19%, асханадағы түскі ас 26,6% өсті.

Сонымен бірге, 2022 жылдың үшінші тоқсанының қорытындысы бойынша мейрамханалар мен қоғамдық тамақтану нысандарын жалға алу құны бір жылда 5% қымбаттады. Маңғыстау облысында баға бірден 27,2%, Қарағанды облысында – 20,3%, Шымкентте – 8,4% өсті. Тағы бес облыста баға бір жыл бұрынғы деңгейде сақталды, ал Атырау облысында баға 0,6% пайызға төмендеген.

Мейрамхананы жалға алу бағасы бір жылда 8,9%, асхананы жалға алу – 0,9%, дәмхананы жалға алу – 3,4% қымбаттады.

Дереккөз: qamshy.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале